Халықаралық жас спикерлер байқауы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2020 жылғы 15-30 қазан аралығында Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған “Әл-Фараби және қазіргі заман” халықаралық спикерлер байқауын өткізді. Конкурсқа қатысушыларға арнайы конкурстық тапсырманы орындау ұсынылды: конкурс тақырыптарының біріне бейнеролик жазу.
Конкурс номинациялары:

  • «Ізгі қала” – бүгінгі бақыттың кілті»
  • «Әл-Фараби және Музыка теориясы»
  • «Әл-Фараби-Бақыт философиясы»
  • «Әл-Фараби философиясы және парасаттылық»
  • «Әл-Фараби және Абай: идеялар сабақтастығы»
  • «Әл-Фараби және ғылымның қалыптасуы»

“Әл-Фараби және қазіргі заман” халықаралық спикерлер байқауының қорытындысы 2020 жылдың 19 қарашасында, сағат 12:00-де әл-Фараби орталығының @farabicenter2020 инстаграмында тікелей эфирде өтеді.