Мың жылдықтың дана ғұламасы

18 қараша 2020 жылы Көкшетау қаласының Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына «Мың жылдықтың дана ғұламасы» атты онлайн конференция ұйымдастырды.

Конференция жұмысы Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәбитова Айгүл Баубекқызы кіріспе сөзімен ашылды.

Қызықты баяндамалармен Әл-Фараби оталығының директоры Мейрбаев Б.Б., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Рақымжан Т.С. және доценті Мамырбекова Ә.Қ. Көкшетау университетінің магистранты Құрманжан Д. сөз сөйледі.

Қатысушыларға «Өркениет шырақшасы» атты бейнеролик көрсетіліп, «Ұлы даланың-Ұлы тұлғасы» атты кітап көрмесі таныстырылды.