Бұқаралық дәрістер циклі – “Ғылымға жол болсын”. Хабибулло Сагдиев

17.06.2021 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Отыз жылдыққа – отыз аптасы” іс-шарасы аясында “Ғылымға жол болсын” атты бұқаралық дәрістер топтамасы өтті. Көпшілік дәрісті ұйымдастырушы-әл-Фараби Орталығы. Дәріс ZOOM платформасында онлайн форматта өтті.

Өзбекстан Халықаралық ислам академиясы (IIAU) ислам өркениетін зерттеу бойынша ISESCO кафедрасының доценті, философия ғылымдарының докторы, араб тілінің маманы, шығыстанушы Хабибулло Сагдиев «Әбу Жағфар Тахауидің «әл-Ақидату-т-Тахауия» еңбегіне сипаттама және кодикологиялық талдау» атты дәрісі.