Еуропалық дискурстағы қос ойшыл: әл-Фараби және Шоқай – Алтаев Ж.А., Муканова Г.К.

ЕУРОПАЛЫҚ ДИСКУРСТАҒЫ ҚОС ОЙШЫЛ: ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ШОҚАЙ

 

Ел басының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы ой-пікірлерді бүгінг заман талбына сай жеткізе алу, рухани жаңғыру деген не, болашаққа апарар құндылықтарымыз қандай болу керек деген сұрақтарды қоя отырып, XX-ғасыр басындағы қазақ рухани элитасының мұрасын танып-білу, жастраға таныстыру бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі деп ойлаймыз.Біздің болашағымыз жастар бүкіл түркі әлемінің рухани мұраларын, сндай-ақ XX-ғасыр басындағы Алаштың біртуар азаматтарының еңбектерін философиялық ойларын, ғылыми мұраларын білуі тиіс. Осы тұрғыдан алғанда мақалада Алаштың біртуар азаматы Мұстафа Шоқайдың бүгінгі күнге дейін белгісіз болып келген мақаласы жөнінде сөз айтпақпыз. Түркі дүниесінің ұлы ойшылы, философ, ғұлам ғалым екінші ұстаз әл-Фарабидың «ізгі қала» ілімін зерделеп, ғылыми тұрғыдан қалай негіздеген. Қайраткердің бұл ұстанымы жалпы түркі мұрасын ұлтшылдық және фашистік идеологияға жақындату әрекетінен қорғап қалай сақтағаны жөнінде өз ойларымызды ортаға салмақпыз. Шоқайдың еуропалық достары ол қайтыс болғаннан кейін жарық көрген бұл мақаланы өте жоғары бағалаған.

Қазақ ұлттық интеллигенциясы үшін XX ғасыр тарихы зор маңызға ие. Орталық Азияның көшбасшы элитасы ұлттық мемлекеттердің тағдырына деген жауапкершілікті өз мойындарына ала білді. Сыртқы басқыншылықтан интеллектуалды мұраларды, анығында, түркі тегінен шыққан ортағасырлық философ Әбу Насыр әл-Фарабидің  қайырымды қала туралы ілімін де қорғау қажеттілігі туындады. Еуропаға еріксіз түрде эмиграцияға кетуге мәжбүр болған қазақ саясаткері Мұстафа Шоқай түркі мәдени мұрасын, соның ішінде әл-Фарабиді насихаттау мен танытуда үлкен іс атқарып кетті. Сол уақыттағы қиын-қыстау кезге қарамастан, ол көптеген әлеуметтік топтар мен БАҚ редакцияларымен әріптестік орнатып, достық байланыста болды.

Еуропада мәжбүрлі эмиграцияға тап болған қазақ саясаткері Мұстафа Шоқай публицист, құқықтанушы, сарапшы ретінде жан-жақты қырлары ашылған тұлғаға айналды. Ол белгілі неміс және француз ғалымдары, тарихшылар мен философтарымен тығыз байланыста болды. 1941 жылы М. Шоқай «Түркістан» деп аталатын мақаласында әл-Фарабидің «қайырымды қаласының» үлгісін келтіре отырып, оған тамаша талдау жасайды.­

Еуропалық тілдерді жетік меңгеру М. Шоқайға сол замандағы философиялық еңбектермен түпнұсқада танысуға, жекелей алғанда, фашизмнің өрті лаулап тұрған кезге қарамастан, оларды өзіндік заманауи тұрғыда түсінуге жол ашты. Осылайша оның қолына, әл-Фарабидің  іліміне қате сілтеме жасап, Ницше ықпалындағы бұрыс ойға бұруды көздеген зерттеуші барон Карра де Воның кітабы түседі. Сондай-ақ, Карра де Во әл-Фарабидің ізгілікті қоғамы мен неміс философы Ницшенің «үстін адамын» («сверхчеловек») салыстыра отырып, қатар қояды. Дүниежүзілік соғыс алдында, фашистік үгіт-насихат жағдайында бұндай ойлар мүдделі жақ тарапынан бірден қолдауға ие болып, вермахт идеясы үшін «жұмыс жасауы» мүмкін еді. Кәсіби заңгер (Санкт-Петербург университетінің түлегі), ақиқат үшін күресуші Мұстафа Шоқай жарияланған еңбекке өз ойын білдіріп, бірден мағыналық жағынан сәйкессіздік барын білдіреді. 1941 жылы жазылған оның жазбалары кейінірек «Түркістан» журналында орыс тілінде жарық көрді. Оның достары мен замандастары М.Шоқай қайтыс болған кейін, отанын азат етуді арман тұтқан қазақ күрескерінің 60 жылдық мерейтойы қарсаңында «Түркістан» деген атпен 1949/1950 жылғы желтоқсан айындағы журналдың номеріне жариялайды.

Бұл басылым Мұстафа Шоқайдың түркілердің мәдени мұрасын жанын сала қорғағандығын, фашизм мен расизмнің қауіптілігін алдын-ала білгендігін дәлелдейді. Тарихтың тағлымы бойынша: үлкен әлемге жол ашатын шет тілдерін білу өз кезегінде  жеке тұлғалық дамуға көмектеседі. Бұл аксиома Орта Азиядан шыққан тамаша қайраткерлер әл-Фараби мен Мұстафа Шоқай өмірлері арқылы  дәлелденді.

«Түркістан» мақаласы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде «Түркістан» ұғымының географиялық және этносаяси мәні, әлемдік тарихтағы аймақтың орны түсіндіріледі. Ары қарай Шоқай осы аймақтың интеллектуалды тарихында өшпес із қалдырған тұлғалар туралы былай дейді: «сүнниттік-мұсылмандық түркілердің отаны әрі бесігі болып табылатын Түркістан, Ирандық шиизімнің ықпалын сіңіре отырып, жалпы мұсылмандық мәдениет пен ғылымға есімі әлемге әйгілі тұлғаларды тудырды. Солардың ішінен ең ірі және Еуропалық ғылыми ойдың дамуына ықпал еткен ірі тұлғаларды атап өтеміз».

Мұстафа Шоқайдың мақаласында Мұхамед әл-Хорезми, Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу-Әли Ибн-Сина, Улығбек, Бурхан-ад-Дин Маргина, Мухаммед-ибн-Исмаил Бұхари, Бабыр Сұлтан есімдері аталады. Математика теориясының негізін қалаушылардың бірі болып табылатын әл-Хорезмиге берген ғылыми қысқаша сипаттамасында М. Шоқай кеңестік түрколог және ирантанушы Е.Э. Бертельстің еңбектеріне сілтеме жасайды.

Әл-Фарабидің өмірбаянына тоқталсақ, (зерттеуші жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласында тәжірибеге ие бола отырып, түрлі тілде жазылған ғылыми ізденістердің нәтижелерін жүйелей білді) ойшылдың еңбектері еуропалық ақпараттық кеңістікте негізінен француз тіліндегі аудармалармен белгілі.

Мұстафа Шоқай жақсы сарапшы болатын. Ол заманауи кітаптарды ыждақаттылықпен оқи білді. Осылайша ол, француз зерттеушісі-арабтанушы барон Карра де Во (Карра-де-Во, Бернар 1867 жылы туған француз шығыстанушысы, «Orient chrctien» негізін қалаушылардың бірі, Париж қаласындағы католик институтында араб тілінің профессоры болып қызмет атқарған) 1920 жылдары  «Les Peaseursdel’ Islam» («Ислам ойшылдары») деген атпен жарық көрген 5 томдық энциклопедиясынмен танысқаннан соң біледі.  Ондағы мұсылман ойшылдары туралы жинастырылған ақпараттармен танысып, ішінде әл-Фараби мен оның  қайырымды қала трактаты туралы да мәліметтерді кездестіреді.

Жоғарыда аталып өткендей, XX ғасырдың екінші онжылдығы фашизм идеясының таралуымен ерекшеленді. Бұл қауіпті үдеріс ғылыми әлемге де әсер етпей қоймады. Ортағасырлық философтардың трактаттары мен Ницше көзқарастарын қатар қарастыра отырып, бұдан барон Карра де Во да қашып құтылмады.

Әл-Фараби ілімінің негізгі мәнімен жақсы таныс Мұстафа Шоқай батыл түрде түркі ойшылын қорғауға ұмтылды. Егер барон Карра де Во: «қоғамдағы зорлық-зомбылық пен күштің рөлі туралы ойлар өзгеше күйде Ницшенің кейінгі тұжырымдамаларына жақын келеді»,- деп жазса, Мұстафа Шоқай бұндай анықтамамен келіспейді. Шоқай ашық түрде: «күш пен зомбылыққа және олардың қоғамдағы рөліне деген қатынас әл-Фарабиде мүлде басқаша, неміс философына қарама-қайшы келеді. Егер Ницше үшін ізгілік (добро) –  жоғары таптың төмен тапқа билік жүргізуі, яғни, «үстін адамның» («сверхчеловек») қарапайым адамдардан жоғары тұруы болып табылса, Фараби үшін күш пен зомбылық «адам философиясындағы қатігездік ауруы» және бұл туралы «Қайырымды қала» авторының жетілмеген қалалар туралы бөлімінде ерекше түрде көрсеткендігін айтады.

XX ғасырдың алғашқы жартысында еуропалық философиялық дискурста түркі ғылымы мен оның жетістіктеріне деген ерекше қызығушылықтың болғандығын атап өтуіміз қажет. Мамандардың айтуынша, 1930-1932 жж. Парижде әл-Фарабидің «Музыканың үлкен кітабы» атты шығармасының алғашқы бөлімін Эрланже француз тіліне аударды.

Осылайша, келесідей деректерді келтіруге болады. Түркі философиясының Ренессансы Еуразиялық кеңістікте өзіндік орынға ие болды.  Отырардан шыққан ойшыл трактатындағы идеалды әлеуметтік-қала бейнесі еуропалық интеллектуалды қауымдастыққа жақын болғандығын, ондағы идеялардың нацистік фетиштерге қарсы тұрғандығы нақтыланды. Бір жағынан, Гитлердің бұйрығы бойынша шығыстық мистика мен теология негізінде нацизм идеясын негіздеу мақсатындағы тоқтаусыз ізденістер өз кезегінде ориенталистика ғылымын дамуға жетеледі.

Мұстафа Шоқай мен басқа түркістандықтардың түркілер мұрасын насихаттауға тигізген ықпалы әзірше толықтай өз деңгейінде дәлелденген жоқ. Алайда, М.Шоқайдың француз ғалымы Жозеф Кастаньемен бірге жазған эпистолярлық мұрасы қазақ интеллектуалының еуропалық әріптестерімен ақпараттық әріптестікте болғандығына дәлел бола алады.

Еуропада соғыс жағдайындағы кезеңде, герман және итальян фашизмінен нәр алған ақ арийлік ұлттардың басымдығын жақтайтын идеология өсіп шықты. Ницше тұжырымдамаларын ұлттық-социализм идеологтары  әдейілеп көптеп насихаттай бастады. Мистицизмге деген қолдан жасалған қызығушылық жасалынды – осы жерде, Шығысты зерттеу (ориенталистика) мен шығыс философиясына бетбұрыс сипат алды. Еуропалық мәдениеттанушылардың ортағасырлық қолжазбаларға деген қызығушылығын осымен түсіндіріледі: барон Карро христиандық ілім мен исламды қатар қарастырып, түркі философы әл-Фарабидің еңбектері оның назарын аударды.

Әл-Фараби ілімін насихаттауда Карроның сіңірген еңбегін мойындай отырып, Мұстафа Шоқай онымен пікір-таласқа түседі. Оның ойынша, әл-Фарабидің «қайырымды қала үлгісінің» мәнін қарастыру барысында теріс түсіндірулерге жол бермеу керектігін баса айтады. Шоқай сенімді түрде Әл-Фарабидің Ницшенің «үстін адам», «үстін ұлт» секілді идеяларымен ортақ ештене жоқтығын негіздейді. Мұстафа Шоқай құқық қорғаушы рөлін атқаратынынын мақтан тұтады. Шоқайдың әл-Фарабидегі Ницше идеяларын терістеуі, оның расизмді қабылдамағандығын, сондай-ақ, қосымша бұл дәлел, оның фашистік идеологияны жақтамағандығын көрсетеді. Бұл мақала 1941 жылы Гитлер мен партиясының мақсаттары анық болған кезде жазылғандығын еске саламыз.

Мұстафа Шоқай сан қырлы қабілеттерге ие еді: ол француз тілін жетік білді, ғылыми басылымдарды қадағалап отырды, Түркістанның мәдени және ғылыми мұрасының айналасындағы пікір-таластардың бәрінен хабары болды. М. Шоқай қазақ эмигранттары арасындағы академиялық сабақтарға уақыт бөлген жалғыз қазақтардың бірі болды. Оны Еуропа пен Азия, Батыс пен Шығыс қатынасы туралы тақырыптар, бұрынғы философтардың ізгілік туралы ойлары қызықтырды.

Еуразияшылдық, ізгілікті қоғам мен адамгершілік жетілудің шыңы болып табылатын «үстін адам», бірегейлілік мәселелері М.Шоқай қызығушылық танытқан тақырыптар еді. Ол тек саясаткер, публицист ғана емес, сонымен бірге ойшыл һәм идеолог болғандығын мойындауымыз қажет.

Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі таңда да Әл-Фарабидің шығармалары ғалымдарды қызықтырады және шындықты іздеуде қайта оған оралуды қажет етеді. Тіпті бүгінгі күні, XXI ғасырда да бейбі тсүйгіш түркілік ой-сана оны лайықты дәрежеде биіктікке қоя білуде.

Қорытындылай келсек, әл-Фарабидің ілімі аталатын М.Шоқайдың көпшілікке онша мәлім емес «Түркістан» (1941) мақаласы ғылыми айналымға жаңа деректер енгізді. XX ғасырдағы қазақ полиглоты Түркістан тарихын жетік біле отырып, Еуропаның белгілі ғалымдарымен тең дәрежеде философиялық категориялармен пікір таластыра алды.

Заманауи оқырманға ортағасырдағы ойшылдың теориялық тұжырымдамаларын талқыға салған қазақ саяси қайраткері мен француз мәдениеттанушылары, арабтанушылары арасындағы ой-талқыны білу бүгінгі күні де маңызды әрі қызықты болатындығы сөзсіз.

Мұстафа Шоқай – көпқырлы әрі толық бағаланбаған бірегей тұлға. Саяси тартыспен бірге, түркілік ғалымдардың мұрасын насихаттауды да ол өзіне міндет етіп алды.

Бүгінгі таңда түркі философиясын тереңдеп зерттеудің қажеттілігі туындап отыр. Өкінішке орай, XX ғасырда түркістандықтардың гуманистік ілімдері саяси жағдайларға байланысты екінші орынға ығысып, М.Шоқайдың мақаласында аталған ұлы тұлғалар толықтай оқулық беттерінен түсіп қалған болатын.

Жаһандану жағдайында ізгілікті қоғам құру үшін не қажет? Бүгінгі күні әл-Фараби мұрасы, оның қайырымды қоғам тұжырымдамасы өзге мақсатқа пайдаланып кетуден қорғалған ба? Болашақта бұған қалай қарсы тұруға болады? Орта Азиялық аймақ жарқын болашақта әлі де өз Ренессансын қайта бастан өткереді деп сенеміз.

Гуманистік дүниетаным арқылы байланысқан көптілді интеллектуалды үрдіс негізіндегі мәдениетаралық жақындасу бұған дейін де болған, бола да береді. Қазақстан жастары осы ақиқатты түсіне отырып, жарқын келешек үшін өздерінің лингвистикалық және тарихи танымдарын терңдетуге ұмтылулары керек.

 

Әдебиеттер:

  1. Блок М. Апология истории, или Ремесло историка/Пер. Е.М. Лысенко.-2-е изд., доп. -М.: Наука, 1986.-254 с.
  2. Ени Теркестан//INALCO. L’Archives de MoustafaChokayBey. Carton 6. Dossier 5. PP. 109-112.
  3. Бертельс Е. Литература народов Средней Азии от древнейших времен до XV века н.э.// Новый мир.-1939.-№6. (№9.-Г.М.)
  4. Carra de Vaux. Les Peaseurs de l’Islam. Paris: «Paul Geuthner», 1921
  5. The ideal State-Society of Plato and al-Farabi: A comparative analysis.
  6. Muhammad Rafiqul Islam—International journal of Islamic thoughts, 2, 2013. [Режим доступа] https://ru.scribd.com/doc/161626502/The-ideal-State-Society-of-Plato-and-al-Farabi-A-comparative-analysis-by-Muhammad- Rafiqul-Islam-IJIT-V-2-N-1-2013
  7. Robert Hammond, The Philosophy of al-Farabi and Its Influence on MedievalThought. New York: Hudson Press, 1947
  8. Polak, Fred. The image of the Future. Translatee and Abridged by EliseBoulding. ElsevierSdentific Publishing Company. Amsterdam London New York, 1973. https://en.laprospective.fr/dyn/anglais/memoire/the-image-of-the-future.pdf
  9. Matti Mosa. A tribute to Bishop Mor Gregorius Bulus Behnam (1914-1969). Электронный ресурс. [Режим доступа] http://www.syriacstudies.com/2014/03/28/a-tribute-to-bishop-mor-gregorius-bulus-behnam-1914-1969-dr-matti-moosa/