Көбесов А.

   Көбесов Ауданбек (1932-2008)
       Педагогика ғылымдарының докторы (1990).

1952-ҚазПИ (қазір ҚазҰПУ) бітірді. Жамбыл облысы Талас ауданының мектептерінде сабақ берді, мектеп директоры болып жұмыс істеді.

1959 жылы-ҚазПИ оқытушысы, доцент.

1987-1997– кафедра меңгерушісі, ҚазМУ (қазіргі ҚазҰУ) профессоры.«Әл-Фарабидің педагогикалық мұрасы» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

Көбесов 300-ден астам ғылыми, ғылыми-көпшілік басылымдардың, соның ішінде Әл-Фараби ғылыми-педагогикалық мұрасына арналған мақалалар топтамасының авторы.