Халықаралық онлайн конференция «ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ»

2020 жылдың 14 мамырында әл-Фараби Орталығы ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған “Әл-Фараби мұрасы” атты халықаралық онлайн конференция өткізеді. Конференция жұмысында Қазақстандық қоғамның рухани дамуы мен қазіргі заманғы сын-қатерлер контекстінде Әл-Фараби интеллектуалдық мұрасын зерттеудің өзекті мәселелері талқыланады.

Конференцияның негізгі бағыттары:

  1. Әл-Фараби трактаттары: Философиялық мәтін аудару мәселелері және мәдениетаралық коммуникация мәселелері.
  2. «Әл Мәдина әл Фадиладан» Смарт ситиге дейін: кемел қоғамның қазіргі заманғы түсіндірмесі.
  3. Қазіргі қазақ фарабитануының өзекті мәселелері.

 

Қатысу шарттары

Конференцияға қатысу үшін 2020 жылдың 10 мамырына дейін қатысушының толтырылған өтінімін және баяндама мәтінін al-farabi@kaznu.kz электронды поштасына жіберу қажет.

Ескерту: конференция ZOOM алаңында өтеді.

Идентификатор: 401 818 0037

Ақпараттық хат
Бағдарлама
Материалдар жинағы