«ӘЛ-ФАРАБИ КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1155 жылдығына орай «ӘЛ-ФАРАБИ КҮНІ» атты республикалық деңгейдегі дөңгелек үстел мәжілісі өтті.
«Әл-Фараби күніне» арналған дөңгелек үстел барысында Қазақстандағы әл-Фараби мұраларын зерттеу, аудару, насихаттау, оқыту және осы бағыттағы өзекті мәселелер төңірегінде сала мамандары мен зерттеушілер өзара пікір алмасты.
Іс-шараға шығыстанушылар, философтар, профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.
Дөңгелек үстелді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасы және «Әл-Фараби» ғылыми-зерттеу орталығы бірлесе ұйымдастырды.