ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 1-КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
2025 жылғы қыркүйекте философия және саясаттану факультетінің 1-курс студенттеріне арналған кездесу өтті.
«Әл-Фараби» орталығының директоры, философия кафедрасының доценті Сүлейменов Пірімбек Мұханбетұлы студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтап, «Әл-Фараби» ғылыми кітапханасы мен әл-Фараби музейімен таныстырды. Сонымен қатар, ол ұлы ойшылдың өмірбаянына арналған танымдық көшбасшылық дәріс өткізді.




