Профессор Альберт Фишлер ҚазҰУ-да дәріс оқыды

Философия және саясаттану факультеті, философия кафедрасы және Әл-Фараби ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Франциялық ғалым, құрметті профессор, Академиялық Пальма орденінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік және келісім сыйлығының иегері Альберт Фишлер «Әл-Фараби мұрасының заманауи ғылымдағы өзектілігі» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс барысында профессор Альберт Фишлер әл-Фарабидің ғылыми мұрасының қазіргі заман ғылымындағы маңыздылығына жан-жақты тоқталды. Ол әл-Фарабидің философиялық көзқарастары тек шығыс өркениетінде ғана емес, сондай-ақ Батыс ғылымы мен философиясының дамуына зор ықпал еткенін атап өтті. Профессор бүгінгі таңда ғылым мен философиядағы көпқырлы мәселелерді шешуде әл-Фараби мұрасын әдіснамалық тұрғыда пайдаланудың қажеттілігін тілге тиек етті. Оның ойынша, әл-Фараби ілімін халықаралық ғылыми қауымдастық кеңінен зерделеуі мәдениеттер арасындағы диалог пен өзара түсіністікті нығайтуға үлес қосады. Дәріс соңында қатысушылар пікір алмасып, қойылған сұрақтарға профессор кеңінен жауап берді. Іс-шара болашақта әл-Фараби мұрасын зерттеу бойынша жаңа ғылыми бастамаларға жол ашатыны атап өтілді.