«ФАРАБИ АПТАЛЫҒЫНЫҢ» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
2025 жылдың 10 қарашасында университеттің Басқарма мүшесі, ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор М.К. Ибраимов Әл-Фарабидің 1155 жылдық мерейтойына орай, Фараби орталығының ұйымдастыруымен «Әл-Фараби апталығы» аясында өткізілген ғылыми байқауда келесі студенттерді марапаттады:
«ФАРАБИДІҢ ДАНАЛЫҒЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» тақырыбында ғылыми эссе жазып 2-орын иеленген 1-курс Философия мамандығының студенті Жанат Жанерке (ғылыми жетекшісі Ж.Н. Казиева); «ФАРАБИ ИДЕЯЛАРЫН ЗАМАНАУИ ТІЛМЕН КӨРСЕТУ» тақырыбында инфографика жасап 1-орын иеленген 1-курс Мәдениеттану мамандығының студенттері (ғылыми жетекшісі Ж.Н. Казиева); «ӘЛ-ФАРАБИ ИДЕЯЛАРЫ ЖӘНЕ ЖИ ДӘУІРІНДЕГІ ӨЗЕКТІЛІК» ғылыми жобасында 1-орын иеленген 4-курс студенті Самедов Мадияр (ғылыми жетекшісі Ғабитов Т.Х.) — сертификат, ақшалай сыйлық және ҚазҰУ значогымен марапатталды. Сонымен қатар: Эссе бойынша 1-орын иеленген Журналистика факультетінің студенті Садырқан Дана (ғылыми жетекшісі Майкотова Ғ.) және 3-орын иеленген Тарих факультетінің студенті Баубекқызы Камила марапатталды. Ғылыми жоба бойынша 2-орын иегерлері — Алдан А., Сейдулла Г.Д., Казахбаева Г.И. — сертификат, ақшалай сыйлық және ҚазҰУ значогымен марапатталды; 3-орын иегері География факультетінің студенті Серік Мағжан (ғылыми жетекшісі Кайракбаева Г.С.) марапатталды. Инфографика бойынша 2-орын иегері Экономика факультетінің студенті Нусипжанова Аида, 3-орын иегері Толебаева Жұлдыз марапатталды. ЖИ видео бойынша 1-орын иегерлері — Экономика факультетінің студенттері Беркін Дильназ, Дархан Элеонора, Смагул Жандос; 2-орын иегері География факультетінің студенті Тұрымтаев Жанарыс Бақытжанұлы (ғылыми жетекшісі Асылбекова А.А.); 3-орын иегері Механика-математика факультетінің студенті Бегім Әйгерім (ғылыми жетекшісі Абенов Б.К.) марапатталды.




