ҚР ҒЖБМ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІНІҢ АР19679483 «ӘЛ-ФАРАБИ ТРАКТАТТАРЫНДЫҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛАРЫН ҚАЗІРГІ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНЕ КІРІКТІРУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ» АТТЫ ЖОБАСЫ АЯҚТАЛҒАНДЫҒЫН ХАБАРЛАЙМЫЗ
ҚР ҒЖБМ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІНІҢ АР19679483 «ӘЛ-ФАРАБИ ТРАКТАТТАРЫНДЫҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛАРЫН ҚАЗІРГІ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНЕ КІРІКТІРУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ» АТТЫ ЖОБАСЫ АЯҚТАЛҒАНДЫҒЫН ХАБАРЛАЙ ОТЫРЫП,МЫНА ТӨМЕНДІГІ МӘЛІМЕТТЕРМЕН БӨЛІСЕМІЗ.
Бұл жоба Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде 2023–2025 жылдар аралығына арналыпжүргізілді. Бұл жобада жетекшілік еткен Шығыстанушы, PhD, қауымдастырылған профессор Палтөре Ықтияр Молдатөреұлы.
Мен де осы жоба аясындағы ғылыми-зерттеу үдерістеріне қатысып, бірқатар талдау, жүйелеу және оқу-әдістемелік жұмысарын орындауға өз үлесімді қостым.
Жобаның негізгі мақсаты – Кемел адам қалыптастырудағы ойшыл ғұламаның мұраларындағы рухани-адамгершілік ізгілік құндылықтарына негізделген ойларын қазіргі заманғы білім беру жүйесіне кіріктірудің ғылыми-әдістемесін зерделеу.
Зерттеу нысаны: Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық, педагогикалық және әлеуметтік-этикалық мұраларындағы рухани-адамгершілік ізгілік құндылықтарына негізделген педагогикалық идеяларын зерттеу.
Жоба ұстанымы – шынайылық, бейтараптық, әрі жүйелілік. Зерттеу парадигмасының орталық элементі ретінде деректерді жинау, сұрыптау, талдау жасау, баяндау, тұжырымдау, сондай-ақ индукция, синтез әдістері қолданылады. Жоба барысында өз тарапымнан дерекерді талдау, мәтінерді салыстыру, ғылыми материалдарды жинақтау сияқты жұмыстарға өз үлесімді қостым. ҒЗЖ орындау барысында келесі ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді:
Зерттеудің ғылыми жаңалықтарының бірі: әл-Фараби педагогикалық мұраларының ғылыми классификациясын жасау және оны қазіргі оқу-тәрбие ісіне енгізу жолдарын зерттеумен ерекшеленеді. Бұл саладағы нәтижелі зерттеу ұлттық педагогика моделін, методикасын жасауға септігін тигізеді деген сенімдеміз.
Жобаның нәтижесі: Әл-Фараби еңбектеріндегі педагогикалық теориялардың бүгінгі қоғам дамуына тигізетін әлеуметтік қызметі сипатталды. Әл-Фарабидің тәлім-тәрбие, білім беру, оқытуға қатысты сондай-ақ мұғалімнің рөлі және оған жүктеген жауапкершіліктері мен біліктілігіне қойған талаптары ғылыми тұрғыдан нақтыланды. Әл-Фараби педагогикалық мұрасының бүгінгі оқу-білім мен тәрбие ісін дамытуға, түйінді мәселелерін шешуге тигізер маңызы сараланды. Жоба аясында қол жеткізілген зерттеу нәтижелері, жинақталған мәліметтер мен деректер, тұжырымдар мен ұсыныстар адам кемелдігін арттыруға, даналыққа, әділеттілікке, қарапайымдылыққа, шыдамдылыққа, табиғат сұлулығына сүйсінуге, тарихи заңдылық пен табиғат сырын түсінуге, ұстаз кемеңгерлігін ұғынып, оны құрметтеуге, т.с.с. гуманизм құндылықтарын түсінуге өз үлесін қосады деп білеміз.
Барлық жарияланымдар төмендегі сілтемелер арқылы қолжетімді.
2023-2025 жылдары ҒЖБССҚК ұсынған отандық басылымдарда жарияланған мақалалар тізімі:
https://alfarabijournal.org/index.php/journal/article/view/940/212
2. Палтөре Ы.М. Әл-Фарабидің Лейден кітапханасында сақталған қолжазба трактаттарына талдау // ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. – 2023. – N 4 (107). – Б. 77-85.https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v107.i4.08https://bulletin-orientalism.kaznu.kz/index.php/1-vostok/article/view/2044
3. Палтөре Ы.М. Әбу Насыр әл-Фарабидің «Әл-муаллимус-сәни» (Екінші мұғалім) аталуына қатысты түсіндірме // «Әл-Фараби» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер журналы. – 2024. – N 1 (85). – Б. 3-15. https://doi.org/10.48010/2024.1/1999-5911.01https://alfarabijournal.org/index.php/journal/article/view/946/263
4. Mustafayeva A.А., Issakhanova Kirca M.M., Paltore Y.M. Multilingual Translation of the Arabic Word ‘Ilm In Al-Farabi’s Enumeration of the Sciences // «Қазақстан шығыстануы» ғылыми журналы. – 2025. – N 1 (13). – Б. 298-307.
https://doi.org/10.63051/kos.2025.1.298
https://journal.shygystanu.kz/index.php/main/article/view/305
5. Mustafayeva A.А., Issakhanova Kirca M.M., Paltore Y.M. «Semantic Features of the Arabic Word ‘Ilm (based on the Treatise Ihsa’ al-‘Ulum by Al- Farabi) // ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. – 2025 . – N 1 (112). – Б. 11-18.
https://doi.org/10.26577/JOS202511212.
https://bulletin-orientalism.kaznu.kz/index.php/1-vostok/article/view/2211
6. Paltore Y.M., Khoshbateni H., Mustafayeva A.А. An Analysis of Persian Language Scholarly Studies on the Educational Philosophy of Abu Nasr Al-Farabi // «Қазақстан шығыстануы» ғылыми журналы. – 2025. – N 3 (15). – Б. 325-345.
https://doi.org/10.63051/kos.2025.3.327
https://journal.shygystanu.kz/index.php/main/article/view/423/238
7. Paltore Y.M., Khoshbateni H., Kassymbayev K. The Educational Philosophy of Al-Farabi: a Linguistic-Philosophical Analysis of “Virtue”, “Happiness”, and “Civic Ethics” // ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. – 2025. N 3 (114). – Б. 15-28.
https://doi.org/10.26577/JOS202511432
https://bulletin–orientalism.kaznu.kz/index.php/1-vostok/article/view/2267
2023-2025 жылдары Scopus базасына енген журналдарғажарияланған мақалалар тізімі:
1. Suleimenov P., Paltore Y., Moldabek Y., Usenov G. An Analysis of Aristotle’s Principles in Al-Farabi’s Study of Logic in the History and Philosophy of Science // Acta Baltica Historiae et Philosophiae Scientiarum – 2023. – Vol. 11, No. 2. P. 93-110.
DOI : 10.11590/abhps.2023.2.05
https://www.ies.ee/bahps/acta-baltica/abhps-11-2/05_abhps-2023-2-05.pdf
Процентиль – 69.
2. Paltore Y., Kokeyeva D., Mustafayeva A., Kassimbayev K., Aubakirova K. Digital transformation of education: The legacy of Arab-Muslim pedagogy in the development of modern learning learning platform // Periodicals of Engineering and Natural Sciences 2025. – Vol. 9, No. 3. P. 757-770.
https://pen.ius.edu.ba/index.php/pen/article/view/676
Процентиль – 59.
2023-2025 жылдар аралығында ұйымдастырылған семинарлар мен конференциялар
1. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде 2023 жылдың 7 желтоқсанында «Әбу Насыр әл-Фараби және ортағасырлық мұсылмандық педагогикалық мұралар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Конференция жұмысынын негізгі бағыттары:
Конференцияның электронды бағдарламасы:
https://drive.google.com/drive/folders/1_JwoK5X9xJ6kD-XQc0fTRlLATiDYk9f_
Конференцияның видеожазбасы келесідей сілтемеде берілген:
https://www.youtube.com/live/EDU6aX5Yvkw
Конференцияның электронды материалдар жинағы төменгі сілтемеде:
https://drive.google.com/drive/folders/1_JwoK5X9xJ6kD-XQc0fTRlLATiDYk9f_
2. Зерттеу нәтижелерін талқылау мақсатында 2024 жылдың 22 тамызында «Әл-Фараби педагогикасы және заманауи білім» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Республикалық конференцияда әмбебап ғұлама-ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің педагогика, психология, дидактика және білім беруге, рухани-адамгершілік ізгілік құндылықтарына негізделген ой-толғамдарын ортаға салынып, қазіргі оқу-тәрбие ісіне енгізудің тетіктері мен әдістері талқыланды. Конференция аясында төмендегідей секциялар бойынша баяндамалар жасалынды:
Конференцияның электронды бағдарламасы:
https://drive.google.com/file/d/1Arrhr0VhN9FkJ4P6VvDXX9pLaGm–7RM/view?usp=sharing
Конференцияның видеожазбасы келесідей сілтемеде:
https://www.youtube.com/watch?v=lExH5H4fRBE
Конференцияның электронды материалдар жинағы әзірленді.
Жинақ төменгі сілтемеде:
https://drive.google.com/file/d/189w8e09er9LseUuvIkjPfSR8YEMZ8CGo/view
Монография, Библиографиялық көрсеткіш, танымдық кітапша
Библиографиялық көрсеткіш:
1. Палтөре Ы. Әбу Насыр әл-Фарабидің тәлім-тәрбиелік мұрасы: Библиографиялық көрсеткіш. – Алматы: «Асыл» баспасы, 2025. – 60 бет.
Сілтеме арқылы өтіңіз:
https://drive.google.com/drive/folders/1xxhO-_eY__z_4pc5iUGJ3FgDiqZeL9N6
Монография:
2. Палтөре Ы., Сулейменов П., Мустафаева А. Екінші ұстаз – Әбу Насыр әл-Фарабидің педагогикалық мұрасы: ұжымдық монография. – Алматы: «Асыл» баспасы, 2025. – 316 бет.
Сілтемеге өту арқылы жүктеп алуға болады:
https://drive.google.com/drive/folders/1xxhO-_eY__z_4pc5iUGJ3FgDiqZeL9N6
Кітапша:
3. Палтөре Ы. Даналықтың жолы: Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен мұрасы (870-950). Мектеп оқушыларына арналған танымдық кітапша. – Алматы: «Асыл» баспасы, 2025. – 60 б.
Сілтемеге өту арқылы жүктеп алуға болады:
https://drive.google.com/file/d/1TnH2Q-ttiVII-bqtg3wF3wVQ1EG3mIrx/view?usp=sharing




