ЛЕБІЗДЕР ЛЕГІ

Криста Пиккат

ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша кластерлік бюросының директоры

ҰСТАЗДЫҢ ДАНАЛЫҒЫ ӘЛІ ДЕ ӨЗЕКТІ

1150 жылдық мерейтойдың ЮНЕСКО-ның жаһандық атаулы күндер тізіміне енгізілуі 2020 жыл-ға сəйкес келу оқиғасына дүниежүзі зор мəн береді.

Мерекені дайындау ұйымның популяризациясы арқылы халықтарды жақындастыру, əлемдік мəдениет, ғылым жəне білімді дамыту міндетіне сəйкес келеді.

Ұлы ұстаздың даналығы бүгінгі таңда да өзекті жəне үлкен мəнге ие болып отыр. Ғалымның трактаттарын түсіну белгілі бір деңгейді, ішкі дайындық пен сананы қажет етеді.

Əл-Фарабидің жаңа орталығын құру жəне оның жұмысы БҰҰ мен ЮНЕСКО үшін үлкен маңызға ие.

Əл-Фарабидің дүниетанымы мен мұрасы Тұрақты Даму саласындағы жаңа күн тəртібімен, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның бағдарламаларымен жəне мақсаттарымен үндес. Сондықтан да орталық Қазақ станда ғана емес, Орталық Азияда да мəдениаралық диалогты дамытатын ЮНЕСКО-ның белсенді серіктесіне айналуы мүмкін.

Орталықтың қызметі ЮНЕСКО-ның жастар арасында ғылымды ілгерілетуге, тұрақты дамуды жетілдіруге қажет білім мен дағдыларды ынталандыруға, сондай-ақ əлем мəдениетін дамытуда жəне зорлық-зомбылыққа қарсы іс-əрекет етуде, мəдени əртүрлілік құндылықтарын тануда көмек бере алады.

Йосеф бин Ахмад әл-Осеймин

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) Бас хатшысы

ӨРКЕНИЕТ ДАМУЫНА ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСТЫ

Қазақстанның Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев мырзаның мəдени орталықтар құру туралы бастамалары мен Дамаскіде 2012 жылы Қазақстан салған əл-Фараби атындағы мəдени орталықты қалпына келтіру туралы шешімін жоғары бағалаймын.

Көрнекті ғалым-философ Əбу Насыр əл-Фарабидің бүкілəлемдік ғылым, медицина, физика, метафизика, логика, саясат, музыка салаларын дамытуға қосқан орасан зор үлесін, оның мұрасының бүкіл əлем өркениетіне қосқан үлесін еске түсіретін болсақ, оның шығармаларына қатысты біз əлі де ортағасырлық каталогтарда аталған заттардың жартысынан азын ғана тапқанымызды атап өткен жөн.

Тарих бойында мұсылман ғалымдар мен зерттеушілер, соның ішінде əл-Фараби əртүрлі ғылыми пəндерге арналған ондаған, тіпті жүздеген мың қолжазба арқылы, сондай-ақ сансыз ашылған жаңалықтар, өнертабыстар мен инновациялар арқылы адамзат өркениетінің дамуына өз үлесін қосты.

Біз ИКҰ-да əл-Фарабидің бай ғылыми жəне энциклопедиялық мұрасын тек жастар арасында ғана емес, сонымен қатар əлемнің басқа елдерінде кеңінен таратудың маңыздылығын жоғары бағалаймыз жəне мойындаймыз.

Метин Гүндоуду

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты

ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫҢ ҚАЙНАРЫ

870 жылы қазіргі Қазақстанның аумағындағы Отырар қаласында «Адамзаттың екінші ұстазы» жəне «Шығыстың Аристотелі» деген атпен белгілі Əбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлағ əл-Фараби ат-Турки деген ұлы ғалым, энциклопедист, Ислам пəлсапасының алдыңғы қатардағы қайраткері туған.

Ұлы ғалым – Батыс пен Шығыс арасында ғылыми əрі рухани бір көпір. Ол бір ұлы мəдениеттің пəлсапашысы. Біз мемлекеттер арасында туындап жатқан проблемаларды шешуде əл-Фарабидің көзқарасы мен ойларына мұқтажбыз. Əл-Фараби – Түркі əлемі үшін өте маңызды білім қайраткері болуымен қатар біздің ортақ құндылықтарымыздың ішіндегі де қадірі ерекше бір есім. Өмір сүрген аймақтарына қарайтын болсақ, ұлы ғалымның əлем картасындағы маңызы ерекше жағырафияда аса беделді болғанын байқауға болады.

Əл-Фарабидің Ыстанбұлда мұражай-үйінің жəне Ыстанбұл университетінің құрамында Фараби зерттеулері орталығының ашылуы екі елдің интеграциясы үшін ерекше маңызды. Сол себепті де 2020 Фараби жылында біз Түркия Республикасының ресми өкілдері ретінде Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен тізе қоса отырып, Ыстанбұл мен Анкарада түрлі іс-шараларды жасауды жоспарлаудамыз.

Нассер Мохаммед әл-Ақили

Сауд Арабиясы Білім және ғылым министрінің ғылым және инновация бойынша орынбасары

ДАНЫШПАН МЕРЕЙТОЙЫН ӨТКІЗУ – ҚҰРМЕТ

Біз, Сауд Арабия мемлекеті, өз университеттеріміз бен Əл-Фараби университеті арасындағы қарым- қатынастың маңыздылығы туралы білеміз жəне бұл байланыстың маңызды екендігіне сенеміз. Қазақстан Республикасы ең ірі теңізге шықпайтын мемлекет жəне аумағы бойынша 9-орында тұр, оған қоса экономикасы жағынан Орталық Азия мемлекеттері арасындағы ең қуаттысы болып табылады.

Бізде тарихи қатынастардың тереңдігі мен тəуелділіктер жəне мұнай-газ саласындағы артықшылықтарымызға қатысты сөз қозғағанда ортақ дүниелер көп. Біз сіздермен əл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өту құрметіне ие болып, екі елдің университеттеріне пайда əкелетін ғылыми салаларда, зерттеулер мен ғылыми ынтымақтастықты одан əрі дамытуға үміттенеміз.

Мұхаммед Маһир Қабақиби

Дамаск университетінің ректоры

ӘЛ-ФАРАБИ – ЕКІНШІ ҰСТАЗ

Ескі Дамаск – астананың ежелгі тарихи бөлігі жəне көптеген ерекшеліктерімен ерекшеленеді, оның ең маңыздысы – көне Дамаск қаласының қабырғалары. Мұнда ғұлама Əбу Насыр əл- Фарабидің кесенесі орналасқан. Ол ең көрнекті тұлғалардың бірі. Һижра жыл санауы бойынша 329 жылы Дамаскіде қайтыс болып, сол жерде жерленген. Ескі Дамаскіде оның кесенесінің жанынан «Əл-Фараби мəдени орталығы» құрылған. Ол философия, логика, физика, музыка, медицина жəне этика ғылымдарын терең меңгергеннен кейін «екінші ұстаз» деген лақап атқа ие болған. Бұл орталық Қазақ елінің Сирияға тартуы.

Джордж Стейэрс

Ортағасыр және қайта өрлеу философиясының доценті, Философия кафедрасы Каподистри атындағы Афина ұлттық университеті (Грекия)

БАТЫС ПЕН ШЫҒЫСТЫҢ КӨПІРІ

Əбу Насыр əл-Фараби платондық жəне аристотельдік ойларды Шығыс дəстүрлерімен байланыстыруға ұмтылды жəне Ұлы Еуразия даласына философияны алып келген. Оның үстіне, оның «Ұлы музыка кітабы» аса маңызды ортағасырлық музыкалық трактат болып табылады. Философия тарихындағы маңыздылығынан бөлек, əл-Фараби идеялары əлі де өзекті. Оның философиясы Платон мен Аристотельден біраз шабыт алғанымен, ол басқа əлемді бейнелеудің маңызды жəне қызықты тəсілдерін өз көзқарасымен көрсетеді. Моно тілді жəне моноэтностық қаланың орнына əл-Фараби ілімі кең ауқымды мультимəдени, көптілді жəне көпконфессиялы жаһандық мемлекет болып табылады. Ол жаһандануды ойлаған жəне сол идеяны алға тартқан бірінші адам. Ол ежелгі гректердің мейірімді қала идеясын сақтауға ұмтылады, сондай- ақ мейірімді қауым мөлшерін арттырады. Оның пайымдауы маңызды жəне ықпалды болып қала береді, өйткені əл-Фараби жаһандық мемлекеті ақыл-ой мен шыдамдылық арқылы басқарылады. Ешбір діни немесе этностық дəстүр екіншісін жоққа шығармайды.

Əл-Фараби Ислам мен классикалық грек философиясының қиылысында көтерілген мəселелерді алғаш рет зерттеген ерекше философ. Ол екі жақты да дамытатын философиялық жəне діни бейімделудің үлгісін көрсете алды.

Қазақстан – қуатты жəне керемет ұлттардан тұратын мемлекет, оның көшбасшылары басқалардан көреген, себебі олар əл-Фараби жəне Абай секілді алпауыттардың иығында тұр.

Әбсаттар қажы Дербісәлі

Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, Жоғары мектеп ҒА-ның академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор

ҰЛЫҒА ТАҒЗЫМ

Əл-Фараби өздігінен оқып жетілген ғалым. Ол ең алдымен грек ғылымын, оның пəлсапасын, əсіресе Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Ибн Халликанның айтуына қарағанда, Əбу Насыр Аристотельдің «Метафизикасын» қырық, «Жан туралы» еңбегін жүз, ал «Риторикасын» екі жүз рет оқып шыққан сияқты. Осындай ыждағаттылығының арқасында ғана ол Аристотельдің ғылыми мұрасын еркін игерген.

Атақты тарихшы оның қарапайым, аса қанағатшыл, жұпыны ғана киініп, той-думан, ырду- дырдудан бойын барынша аулақ ұстаған адам болғанын жазған. Күндіз ол көбінесе қаладағы бақта күзетшілік қызмет атқарып, тапқан ақысына сатып алған шырақ жарығымен түні бойы кітап оқумен шұғылданған [Ибн Халликан. Уафайат əл-ағайан уа анба абна аз-заман… 5-том, 154-бет].

Орта ғасырлардың өзінде-ақ Əбу Насыр қанаусыз, зорлықсыз бақытты қоғам орнату жөнінде батыл болжам жасаған. Мұндай қоғамның тууын ол мемлекет басшысының ақылы, білімі, адамгер- шілігімен байланыстырған.

Əбу Насыр əл-Фараби ғылымының пəлсапа, логика сияқты салаларының іргетасын қайта қалаған, əр ғылым саласын жеке пəн ретінде игеру жағын көтере отырып, олардың мəнін айқындап, мазмұнын ажыратуға тырысқан. Əуез жайлы да күрделі зерттеулер жүргізген, математика саласында үлкен жаңалықтар ашқан, астрономия жайлы кесек-кесек еңбектер қалдырған, физика ғылымын да тың ойлармен байытқан. Жаратылыстану ғылымының медицина, химия, минералогия секілді аса маңызды салалары бойынша күні бүгінге дейін мəнін жоғалтпаған еңбектер жазған. Көне грек оқымыстыларының пікірлеріндегі озық қағидаларды талдаған.

Анастас Герджиков

Әулие Климент Охридский атындағы София университетінің ректоры

ҚҰРМЕТТІ ПРОФЕССОР ҒАЛЫМҚАЙЫР МҰТАНҰЛЫ!

Сізді және сіздің басшылығыңыздағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттерін, қызметкерлерін ЮНЕСКО қолдауымен Қазақстанда өтіп жатқан Абу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығының ашылуы салтанатымен Св. Климент Охридский атындағы София университетінің қызметкерлері және өзімнің атымнан құттықтаймын.

Қазіргі заман тарихында бұл тарихи күнді мерекелеу жаһандық ауқымда елдердің рухани мәдениетін дамыту және адамдардың тарихи санасының тереңдетуге бағытталған маңызды оқиға болып табылады. Ортағасырлық ұлы ғалым және философ Абу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын халықаралық күнтізбелік тарихи күнге енгізу – исламның Алтын ғасырының көрнекті ойшылына арналған аз да болса құрмет болып табылады. Бүгінгі таңда адамзат әл-Фараби мұрасынан сабақ алуға және жалпы болашақты құруға, ұлы гуманизмнің қайнар көздеріне қайта оралуға міндетті болу керек. Осы ұлы тұлға арқылы сіздер дүниежүзілік қауымдастыққа Қазақ даласында ерте заманнан-ақ мәдениет пен ғылым, білім мен әдебиет дамығанын көрсете аласыздар.

Сіздің Университетіңіз 85 жыл бойы ұлы ойшыл, ғалым-энциклопедист, Шығыс ұстазы әл-Фарабидің есімін лайықты көтеріп келеді. Әл-Фарабидің қайырымды қала тұрғындары идеясына негізделе отырып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Әл-Фараби Университеті Smart City – рухани-адамгершілік платформадағы және жоғары технологиялық симбиоз инновациялық жобасын жүзеге асырды. Сіз өз еліңіздің интеллектуалды потенциалын көтеру үшін адамзат капиталын жақсартып, инновация жасау арқылы білімді бекіте отырып лайықты еңбек атқардыңыз.

Біз Сізбен бірге бірлесе қызмет атқарғанымызды жоғары бағалаймыз және көптеген жемісті байланыстарға қуаныштымыз. Св. Климент Охридский атындағы София университетінде Ғылыми-білімдік және мәдени орталықтың ашылуы, тәжірибе алмасу, өзара қатынасулар, академиялық және ғылыми жобаларды бірлесе жүзеге асыру академиялық және зерттеушілік әрекеттің табысты дамуына ықпал етеді. Біз қалыптасқан дәстүрлі серіктестігімізді сақтауға және дамытуға үміттенеміз.

Құрметті Ғалымқайыр Мұтанұлы! Университеттің қалыптасқан жақсы дәстүрлері, кәсіби тәжірибе, уақыт талабына сай әрекет ете және ойлай білу бізді жаңа жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Сізге және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің барлық профессорлық-оқытушылық құрамына, қызметкерлерге, студенттерге шын жүректен осы ерекше жылда өмірлік энергия, жаңа ғылыми ашулар және өркендеуге тілектеспін.

София, 30 қаңтар 2020

Лука Мария Скарантино

Халықаралық философиялық қоғамдар федерациясының президенті (FISP)

ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ӘЛ-ФАРАБИДІҢ 1150-ЖЫЛДЫҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА АРНАҒАН ЖОЛДАУЫ

Құрметті әріптестер,

Әл-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойының ашылу салтанатына сырттай болса да қатысу біз үшін үлкен мәртебе.

Әл-Фарабидің философиялық еңбегін құрметтеудің өзіндік себептері бар. Әрине, оның еңбектері бүкіл әлемде кеңінен зерттелуде. Оның үлкен мәні – ойлау тарихы. Бәрі болмаса да, бүкіл әлемдегі философтар оның есімімен, еңбектерімен және тұжырымдамалық принциптерімен таныс. Алайда, бүгінгі таңда академиялық зерттеуден бұрын одан да тереңірек мәселе алдыға қойылып отыр. Ол философияның ауқымы мен шекарасын қамтиды.

Бүгінгі таңда бүкіл әлемде зерттеушілер санының артуы тақырыптарға, идеяларға, тіпті басқа философиялық дәстүрлердің стиліне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Біз «философия» ұғымының «адам» түсінігі сияқты тарихи қалыптасуында нақты тұжырымдамалық көкжиекпен шектелмейтінін түсініп қабылдап келе жатырмыз. Біз енді тек қана жергілікті немесе аймақтық оқырмандарға арнап жазбаймыз. Біздің әлемнің әлеуметтік және этикалық күрделілігін түсіну үшін күрделілік пен әр түрлі философиялық тұжырымдамалар қажет. Шығармашылық, қиял, тарихи таным, сезім, оқу, сыни ойлау мен талдау жаңа тұжырымдамалық құралдарды қалыптастыру үшін қажет болса да, бұл күш философияның табиғатын, оның тарихы мен оның басқа да рухани формалары ғылым және дінмен арақатынасын қайта бағалауға тап болады.

Күтілетін ғылыми және интеллектуалдық әсерінің арқасында әл-Фарабидің бұл мерекесі философия ауқымын қайта бағалауға және қазіргі философиялық тұжырымдамалардың теориялық және мәдени әртүрлілігін нығайтуға үлкен үлес қоса алады.

Философиялық қоғамның халықаралық федерациясына (FISP) жиналған ғылыми қоғамдастықтың атынан сіздердің әл-Фарабидің философиялық мұрасын терең түсіну арқылы философиялық диалогты терең кеңейтуге, сондай-ақ, әлемнің ғылыми қауымдастықтары арасындағы интеллектуалдық пікір алмасулар мен пікірталастарды кеңейтуге деген күш-жігерлеріңізге алғысымды білдіргім келеді. FISP сіздердің осы өте маңызды міндеттерді орындауға бағытталған күш-жігерлеріңізді толық қолдайтындығына сендіре аламын.

Әл-Фарабидің еңбегін одан әрі тереңдетіп зерттеудің болашақ мүмкіндігі 2023 жылы шілдеде Мельбурнде өтетін Дүниежүзілік философия конгресінде ұсынылады. Оның негізгі тақырыбы «Философия через границу» және бұл атау қатысушыларға да, философиялық дәстүрлерге де қолданылғанын қалаймыз. Әл-Фараби, әрине, осы тұрғыда әлемнің барлық философтары үшін ойлау классикасын ұсынады.

FISP атынан баршаңызды бізге қосылуға және классикалық және қазіргі заманғы қазақ философиясының ықпалды және әсерлі болуына ат салысуға шақыруға қуаныштымын. Сіздерді бүгінгі маңызды оқиғамен құттықтап, сәттілік тілеймін.

Милан, 28 қаңтар 2020