Қасымжанов А.Х.
Қасымжанов Ағын Хайроллаұлы (1931-2000) |
Кеңестік және қазақстандық философ. Философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі. Әл-Фараби мұрасының және философиялық ой тарихының теориялық мәселелерін құрастырушы.
1954 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің философия факультетін бітірді. 1962-1977 жылдары – ҚазКСР ҒА Философия және құқық Институтының Қазақстан философиялық ой тарихы және әл-Фараби шығармашылығын зерттеу бөлімінің доценті және меңгерушісі. 1969 жылы КСРО ҒА философия институтында “диалектика тарихының логикалық аспектісі: (В. И. Лениннің “философиялық дәптерлері” бойынша)”тақырыбы бойынша философия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 1970 жылы профессор ғылыми атағы берілді. Сол жылы ҚазКСР ҒА мүше-корреспонденті болып сайланды. 1977-1983 жылдары-ҚазМУ оқытушыларының біліктілігін арттыру институтының директоры. 1993 жылдан-әл-Фараби орталығының директоры және ҚазМУ-дың Философия және әлеуметтік таным әдіснамасы кафедрасының меңгерушісі. Әл-Фараби еңбектерінің орыс және қазақ тілдеріндегі басылымдарының редакторы және құрастырушысы (“Философиялық трактаттар”, “Әлеуметтік-этикалық трактаттар, “Логикалық трактаттар”). |