Ғафуров Б. Ғ.
Ғафуров Бободжан Ғафурұлы (1908-1977 жж.) |
Шығыстанушы және КСРО мемлекеттік қайраткері, Тәжік КСР Ғылым Академиясының академигі (1950 жыл), КСРО Ғылым Академиясының академигі (1968 жыл).
1935 жылы Бүкілодақтық Коммунистік журналистика институтын бітірген. 1944-1946 жылдары 2-ші хатшы, 1946-1956 жылдары Тәжікстанның КП ОК 1-ші хатшысы. КОКП ОК мүшесі (1952-1961 жылдар), КСРО ҚК депутаты (1946-1962, 1966-1970 жылдар). 1956 жылдан Мәскеу қаласындағы КСРО ҒА Шығыстану институтының директоры. Гафуровтың есімімен Шығыс туралы ғылымның жетекші орталығынаайналған институттың қызметін жандандыру байланысты. Тәжікстан тарихы бойыншажұмыстардың, соның ішінде “Тәжіктер” іргелі монографиясының авторы (1972 жыл). 6 Ленин орденімен марапатталған. |
|
|