Досай К.Т.
Досай Кенжетай Тұрсынбайұлы |
Дін және ислам философиясы маманы. Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры.
1996 жылы Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи университетін бітірген. 1999 жылы магистр дәрежесін Анкара университетінің әлеуметтік ғылымдар институтында алды. 2003 жылы «Қожа Ахметтің философиясы және оның түркі дүниетанымы тарихындағы орны» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 1998 жылдан 2003 жылға дейін Түркиядағы «Желмая» Қазақстан жастарының әлеуметтік-мәдени және ғылыми журналының бас редакторы болды. 2003-2007 жылдары Халықаралық қазақ-түрік университетінде түрлі қызметтер атқарды. Ортағасырлық ислам және түркі философиясына арналған көптеген аудармалардың, монографиялардың, мақалалардың авторы. |