Құрманалиева А.Д.
Құрманалиева Айнұр Дүрбеленқызы |
Философия ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану меңгерушісі.
1998 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетін бітірді. 2003 жылы «Әбу Наср әл-Фарабидің философиялық ілімдеріндегі әлеуметтік танымның онтологиялық және әдіснамалық негіздері» тақырыбында философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Әлемдік мұраларды мемлекеттік тілге аудару жөніндегі «Мәдени мұра» үкіметтік бағдарламасының қатысушысы (2004-2005), «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» (2017)» жобасы аясында кітаптарды аудару, редакциялау және басып шығару бойынша ғылыми редактор. Көптеген оқулықтардың, мақалалардың, соның ішінде Scopus мәліметтер базасына енгізілген мақалалардың авторы және бірлескен авторы. Құрманалиева Айнұр Дүрбеленқызының ғылыми қызығушылық саласы әл-Фараби философиясын араб-мұсылман философиясы және Қазақстандағы діни ахуалдың қазіргі мәселелерін қамтиды. |