ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАР

ҚР БҒМ Философия, саясаттану және дінтану институты
1958 жылы құрылған философия және құқық институтының негізінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің философия, саясаттану және дінтану институты құрылды. Институттың негізгі міндеті – философиялық, философиялық-дүниетанымдық, философиялық- әдіснамалық, саяси, діни және әлеуметтік зерттеулер жүргізу.

Өткен ғасырдың 70-жылдары профессор А.Х. Қасымжановтың бастамасымен философия институтында әл-Фараби мұрасын зерттеу орталығы құрылды. Орталық А. Машани, М. Бурабаев, Э. Харенко, К. Тажикова, Б.Ошерович, Б. Тайжанова және А. Кубесов сияқты көрнекті философтар мен ғалымдарды біріктірді. Ресейлік ғалымдар қазақстандық фарабитанудың қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты: академик Б.Г. Ғафуров, танымал ғылым докторлары С.Н. Григорян және Б.А. Розенфельд, философия ғылымдарының кандидаты А.В. Сагадеев және т.б.

Жан-жақты және жүйелі ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде әл-Фарабидің бірқатар трактаттары баспаға дайындалды: «Философиялық трактаттар», «Әлеуметтік-этикалық трактаттар», «Логикалық трактаттар», «Математикалық трактаттар»,» Птолемейдің «Алмагестіне» түсініктемелер», «Ақыл және ғылым туралы», « Тарихи-философиялық трактаттар», «Жаратылыстану туралы трактаттар», « Музыка және поэзия туралы трактаттар».

Қазіргі кезеңде философия, саясаттану және дінтану институты әл-Фарабидің еңбектерін аудару, басып шығару, зерттеу және ғылыми түсініктеме беру бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыруда. Мәдени мұра бағдарламасы бойынша институт ««Шығыстың Аристотелі» – әл-Фараби» (10 томдық шығармалар жинағы), «Әлемдік философиялық мұра» (20 томдық шығармалар жинағы), «Қазақ халқының философиялық мұрасы» (20 томдық шығармалар жинағы) еңбектерін басып шығарды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылым академиясының негізгі ғылыми-зерттеу бағдарламаларына сәйкес Институттың ғылыми қызметкерлерінің ұжымдық монографиялары жарық көрді: «Әл-Фараби философиясы және исламдық руханият» (2005), «Әл-Фараби мұрасы және қазіргі түсіну философиясы» (2011), «Әл-Фараби және қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-гуманитарлық дамуы» (2012), т.б. 2003 жылдан бастап институт философиялық-саяси және рухани-ағартушылық «Әл-Фараби» журналын шығарады.

www.iph.kz

Әл-Фараби тарихи-мәдени орталығы, Дамаск (Сирия)
Әбу Насыр Әл-Фараби 950 жылы сексен жасында Дамаск қаласында (Сирия) қайтыс болды, ол «патшалардың зиратында» Баб-ас-Сагирде жерленді. 2007 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Сирияға сапары барысында Сирия үкіметімен Қазақстан Дамаскіде Әл-Фараби тарихи-мәдени орталығын салады деген келісімшартқа қол қойды.

«Тәуелсіздік алған кезде ғана біз бүкіл әлемдегі тарихи деректерді жинап зерттей бастадық. Міне, бүгін де біз Сирия жерінде Қазақстан аумағында дүниеге келген, ұлы ғалым, философ және ақын болған ұлы бабамыз туралы естелікті жаңғыртамыз», – деді ол кезде Н.Назарбаев. 2011 жылы 6 мың шаршы метр алаңда орналасқан алты қабатты Әл-Фараби орталығының құрылысы аяқталды. Кешен дизайны заманауи стильде жасалған, ескерткіштің бай безендірілуі мен ойластырылған инфрақұрылым қызықтырады. Әл-Фарабидің зираты кешеннің ішінде орналасқан.

«Әл-Фараби үйі» Қазақ-Үнді ғылыми-білім беру және мәдени орталығы, Дели (Үндістан)
ЮНЕСКО қолдауымен “Әл-Фараби үйі” орталығының ашылуы 2020 жылы әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өту іс-шарасы аясында өткізіледі. Аталмыш үй Дели қаласының дипломатиялық орталығында орналасқан және Қазақстан мен Үндістан арасындағы ғылым, білім және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға негіз болады.

Бұл орталыққа келушілер, адамзат танымының көптеген салаларына үлкен үлес қосқан ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі және шығармашылығы жайлы шынайы ақпарат алады. Сонымен қатар, мұнда қазақтың мәдениеті, салт-дәстүрі және қазіргі Қазақстанның жетістіктерімен танысуға болады.

Әл-Фараби атындағы Еуразиялық зерттеу орталығы, Стамбул (Түркия)
Әл-Фараби атындағы Еуразиялық зерттеу орталығы Түркияның көне әрі іргелі жоғары оқу орындарының бірі Стамбул университетінің қабырғасында ашылды. Орталық Қазақстан мен Түркия ғалымдарының гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы бірлескен ғылыми жобаларын жүзеге асырудың бірегей халықаралық алаңына айналуға тиіс.

www.famer.istanbul.edu.tr

Росток университеті (Германия)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Росток университеті (Германия) арасындағы ынтымақтастық аясында 2014 жылы органикалық химия және катализ саласындағы озық зерттеулерді жүргізу үшін бірлескен химиялық зертхана ұйымдастырылды. Зертхана ғылыми зерттеулерді жоғары деңгейде жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи қондырғылармен жабдықталған. Ынтымақтастық нәтижесі жоғары импакт-факторлы журналдарда 30-ға жуық ғылыми жарияланымдардың жарық көруімен негізделді.

www.uni-rostock.de

Питер Лангер

Росток университеті, Химия институтының директоры

e-mail: peter.langer@uni-rostock.de

Ж.А. Әбілов

Органикалық қосылыстардың химиялық технологиясы және табиғи қосылыстар мен полимерлер кафедрасының профессоры, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

e-mail: Zharlykasyn.Abilov@kaznu.kz

Ca’ Foscari университеті (Италия)
Ca’ Foscari университеті және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ екі оқу орнының оқытушылары, студенттері мен қызметкерлері үшін алмасу бағдарламалары бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Келісімде сонымен қатар, бірлескен білім беру бастамаларын дамыту, семинарлар мен академиялық кездесулер ұйымдастыру қарастырылған.

www.unive.it

Тициана Липпьелло

Ca’ Foscari университетінің проректоры

Цукуба университеті (Жапония)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Цукуба университеті (Жапония) арасындағы «Кампус ішіндегі кампус» ынтымақтастық меморандумына сәйкес әр университет ғылыми-зерттеу және білім беру ресурстарын пайдалану мақсатында серіктес университет үшін кампус ұсынады. Бұл жоба академиялық ұтқырлықты қолдайды және заман талабына сай бағдарлана алатын жоғары білікті мамандарды даярлауға жағдай жасайды.

www.tsukuba.ac.jp

Шанхай шет тілдер университеті (Қытай)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жаһандық ғылыми және білім беру кеңістігіне белсенді интеграциялануда. Шанхай шет тілдер университетінде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ашылуы қазақ мәдениеті мен тілінің танымал болуына, екі ел арасындағы тату көршілік пен өзара тиімді қатынастардың нығаюына ықпал етеді.

www.shisu.edu.cn

Әл-Фараби атындағы ғылыми-білім беру және мәдени орталығы, София (Болгария)
Әл-Фараби атындағы ғылыми-білім беру және мәдени орталығы Болгарияның ежелгі университеті – София қаласындағы әулие Климент Охридский атындағы университетінің негізінде құрылды. Орталық әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің еуропалық ғылыми және білім беру кеңістігінде беделін көтеру негізінде қызмет атқарады, сонымен қатар, Қазақстан мен Болгария арасындағы білім беру, ғылыми-зерттеу және мәдени тәжірибелермен алмасу үшін негіз болып табылады.

www.uni-sofia.bg

Әл-Фараби атындағы ғылыми-білім беру орталығы, Каир (Египет)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтановтың бастамасымен Каир университетінде Әл-Фараби атындағы ғылыми-білім беру орталығы ашылды. Орталық әл-Фарабидың мұрасын зерттеу және насихаттау негізінде қызмет атқарады. Ынтымақтастық мамандарды бірлесіп даярлау, магистранттар мен докторанттарды ғылыми тағылымдамадан өткізу, оқытушылардың біліктілігін арттыру, ғылыми-білім беру бағдарламаларын дайындауды қамтамасыз етеді.

www. cu.edu.eg

Инновациялық зерттеулердің ғылыми орталығы және зертханасы, Карачи (Пәкістан)
Карачи университетінің Химия ғылыми-зерттеу институты мен Халықаралық химия және биология ғылымдар орталығымен ынтымақтастық әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Қазақстанда жоғары білікті және бәсекеге қабілетті жас кадрларды даярлауға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық туралы меморандум фитохимия, биомедицина, өсімдік материалдары негізінде дәрі-дәрмектер өндірісі саласында бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруды қарастырады.

www.uok.edu.pk

Мухаммад Икбал Чаудхари

Карачи университеті, Халықаралық химиялық және биология ғылымдар орталығының директоры

e-mail: hej@cyber.net.pk

Шахид Бехешти университеті, Тегеран (Иран)
Шахид Бехешти атындағы университет 1959 жылы құрылып, алғашқыда Иран ұлттық университеті деп аталды. 1983 жылы Университет атауы саясаткер және революционер Сейед Мохаммад Хоссейни-Бехештің құрметіне орай өзгертілді.

Университетте 6 ғылыми-зерттеу институты және 9 ғылыми орталық жұмыс істейді.

www.sbu.ac.ir

«Әл-Фараби үйі» ғылыми-білім беру және мәдени орталығы, Амман (Иордания)
Иордания мемлекеттік университетінің базасында «Әл-Фараби үйі» атты орталығы құрылады. Ынтымақтастық туралы келісім оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын дамытуға, қос дипломдық бағдарламалар мен бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мақсатында бағытталған.

Иордания мемлекеттік университеті – араб әлеміндегі жетекші университеттердің бірі және «100 үздік араб университеттері» рейтингінде жетекші орын алады.

www.ju.edu.jo

Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті (Ресей)
БелГУ – Ресейдің Инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізетін жоғары оқу орындардың қатарына кіреді. 2009 жылы университет «Нанотехнология», «Аймақтану» және «Экология» бағыттары бойынша Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Университетінің базалық жоғары оқу орны атанды. 2019 жылы «БелГУ» Белгород ғылыми-білім беру орталығының әлемдік деңгейдегі базалық жоғары оқу орнына айналды.

www.bsu.edu.ru