МООК

 

2014-2015 оқу жылынан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қашықтықтан білім беру орталығы профессорлық-оқытушылық құраммен бірлесе отырып Бұқаралық ашық онлайн курстар құру жұмыстарын бастады. 2015 жылдың 1 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жетекші оқытушыларынан алғашқы ашық курстар басталды. 2016 жылдың маусым айының соңында жүйеде екі мыңнан астам тыңдаушы тіркелді. Бұл курстарда негізінен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 1-2 курс студенттері, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, мамандандырылған физика-математика жоғары сынып оқушылары оқыды.

«Әл-Фараби және қазіргі заман» курсының қысқаша сипаттамасы

Курс тыңдаушылары әл-Фарабидің өмірі мен қызметі, философтың онтология, логика, эпистемология, натурфилософия мәселелері бойынша философтың көзқарастары туралы, сондай-ақ әл-Фарабидің әлемдік ғылым мен философия тарихындағы орны туралы білуге мүмкіндіктері бар. Курста “al-Farabi university smart city” ғылыми-инновациялық жобасының мәні ашылып, қазіргі заман дәуіріндегі Әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық ілімінің өзектілігі көрсетілді.

Курс жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына және ұлы философ Әбу Насыр әл-Фарабидің мұрасымен танысуға тілек білдіргендердің барлығына арналған.

Курсқа жазылу