Отырарлық ғұламалар

Халықаралық араб тілі ҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дамуына қосқан айрықша үлесі үшін» әл-Фараби Үлкен алтын медалінің иегері Әбсаттар қажы Дербісәлі ағамыздың «Отырарлық ғұламалар» дәрісінен бастағанды дұрыс санадық. Дәріс барысында ғалым Отырар қаласынан шыққан 40-қа жуық ғалымдар жайлы дерек, олардың қалдырған еңбектеріне түсініктеме береді. Әрине, Әбу Насыр әл-Фарабидің тікелей өзіне де үлкен мән береді. Қазақстанның тәуелсіздік жылдары жеткен ғылыми және мәдени жетістіктерін де саралап өтті. Бір сөзбен айтқанда, қазақ мәдениетіне және ғылымына қызығушылық танытатын студенттер мен ғалымдарға аса құнды деректер болмақ! Бұл кездесуді ұйымдастырушы Халықаралық әл-Фараби орталығы, сұқбатты орталық директоры Мейрбаев Бекжан Берикбайұлы жүргізді. Дәрісті назарларыңызға ұсынамыз!