«Әл-Фараби әлемі – басты ұлттық құндылық» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Іс-шара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық әл-Фараби орталығы мен «Ғылым ордасы» орталық ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өтті. Сонымен қатар, Халықаралық Түркі академиясы, Түркі халықтарының мәдени қоры, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясы, Алматы қаласы Білім басқармасы, Әл-Фараби–Әл-Машани білім беру орталығы, Түркістан облысы Мәдениет басқармасына қарасты «Руханият – Әбу Насыр әл-Фараби» мұражайы белсенді қатысушылардың қатарында болды.
Тоғыз онжылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бүгінде Қазақстан ғылымы мен білімінің көшбасшысы болып табылады. Ұлы Даланың данышпан ғалымы атымен аталатын университет пен Халықаралық әл-Фараби орталығы шығыс ойшылының идеяларын мақсатты түрде насихаттап, кеңінен дәріптеп келеді. Әл-Фараби мұрасы – қазақ қоғамының рухани-адамгершілік дамуына ерекше ықпал ететін мәдени символ әрі ұлттық құндылық. Оның еңбектері қазақ мәдениетінің терең тамырын түркі өркениетімен сабақтастыра түседі.
Әл-Фараби мұрасын ғылыми-білім беру және педагогикалық даму тұжырымдамаларына кеңінен енгізу мәдени-тарихи жадты қалыптастыруға, рухани кодтардың ұрпақтар сабақтастығы арқылы берілуіне ықпал етеді.
СПИКЕРЛЕР:
• Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің деканы, Халықаралық әл-Фараби орталығының директоры – Мейербаев Бекжан Берікбайұлы
• Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мәдениеттану және дінтану кафедрасының меңгерушісі – Құрманәлиева Айнұр Дүрбелеңқызы
• Халықаралық әл-Фараби орталығының кеңесшісі, профессор – Алтаев Жақыпбек Алтайұлы
• ҚР БҒМ Ғылым комитетінің РМК «Ғылым ордасы» бас директоры – Мұқажанов Улар Оразғалиевич
• Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының білім жөніндегі атташесі – Коркмаз Айхан
• Түркі мәдениеті қорының жетекшісі – Ахмед Дағдұран
• Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті – Тыныбаева Мәдина Ағланқызы
• «Еуразиялық перспектива» академиялық орталығының (Нидерланд) жетекшісі – Әуезова Зифа-Алуа Мұратқызы
• «Әл-Фараби – әл-Машани» білім беру орталығының оқытушысы – Садақбаева Гүлсім Едрісқызы
Әбу Насыр әл-Фарабидің 1155 жылдық мерейтойы аясында өткен конференция қатысушылары ұлы ойшылдың ғылыми және рухани дамудағы идеяларын қазіргі Қазақстанның өркендеуі тұрғысынан талқылады.
Конференцияның Резолюциясында келесі ұсыныстар қабылданды:
1. «Әл-Фараби күнін» мемлекеттік мереке ретінде белгілеу және тиісті құжаттарды уәкілетті органдарға ұсыну;
2. Алматы қаласында Әл-Фараби үй-мұражайын ашу.
Конференция қатысушылары бұл ұсыныстарды бірауыздан қолдады.
Қорытынды шешімдер:
• Әл-Фараби күнін жыл сайын тұрақты түрде өткізу (мерейтойлық жылдармен қатар);
• Алматы қаласында «Әл-Фараби үйін» ашу, себебі әлемнің бірқатар елдерінде осындай орталықтар бар.




