Халықаралық әл-Фараби орталығында Иран Ислам Республикасының өкілдерімен кездесу өтті
Халықаралық әл-Фараби орталығында Иран Ислам Республикасының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге Иранның мәдениет атташесі Али Агазаде Хоссейн және Али Хурман Мухсен (Кум қаласындағы әл-Мустафа халықаралық университетінің Ислам зерттеулері және гуманитарлық ғылымдар орталығының өкілі) қатысты. Кездесу барысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен және әл-Фараби орталығымен бірлесіп «Әл-Фарабидің теориялық және практикалық философияның дамуына қосқан үлесі» атты Халықаралық конференцияны 2025 жылғы 19–20 қарашада өткізу мүмкіндігі талқыланды.




