«Қайырымды қоғам азаматтарын қалыптастыру. Қазіргі заманғы университеттердің миссиясы» атты халықаралық жоба

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ Өркениеттер Альянсымен бірлесе отырып «Қайырымды қоғам азаматтарын қалыптастыру. Қазіргі заманғы университеттердің миссиясы» атты халықаралық жобаны сәтті іске асыруда. Бұл бастама БҰҰ «Жаһандық азаматтық» бағдарламасының аясында жүзеге асырылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалым Мұтанов «УНИВЕРСИТЕТ 4.0» жаңа буын университетінің моделін ұсынды, ол бір мезгілде төрт бағытта: білім беру, зерттеу, инновациялық-кәсіпкерлік және рухани-адамгершілік бағытта дамуды көздейді. «УНИВЕРСИТЕТ 4.0» моделінің негізіне әл-Фарабидің қайырымды қоғам туралы тұжырымдамасы алынған.

Жобаны жүзеге асыруға жетекші шетелдік жоғары оқу орындары Халықаралық Университеттердің әлеуметтік жауапкершілік желісі (USRN) қосылды.