Сағиқызы Аяжан
Сағиқызы Аяжан |
Философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері. «Қазақстандық философиялық конгресс» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры, «Адам әлемі» философиялық-әлеуметтік-гуманитарлық журналының бас редакторының орынбасары.
1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін «философия» мамандығы бойынша бітірді. 2010 жылы «Гуманистік дүниетанымның әлеуметтік-мәдени негіздері» тақырыбында докторлық диссертациясын ҚР Білім және ғылым министрлігі Философия және саясаттану институтының докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңесінде қорғады. 170-тен астам ғылыми жұмыстардың, оның ішінде 1 жеке және 10 ұжымдық монографияның, 3 оқу-әдістемелік құралдың авторы. Аяжан Сағиқызының белсенді ғылыми жұмысын республиканың жетекші жоғары оқу орындарында сабақ берумен ұштастырады. |