Сағиқызы Аяжан

Сағиқызы Аяжан
Философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері. «Қазақстандық философиялық конгресс» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры, «Адам әлемі» философиялық-әлеуметтік-гуманитарлық журналының бас редакторының орынбасары.

1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін «философия» мамандығы бойынша бітірді. 2010 жылы «Гуманистік дүниетанымның әлеуметтік-мәдени негіздері» тақырыбында докторлық диссертациясын ҚР Білім және ғылым министрлігі Философия және саясаттану институтының докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңесінде қорғады.

170-тен астам ғылыми жұмыстардың, оның ішінде 1 жеке және 10 ұжымдық монографияның, 3 оқу-әдістемелік құралдың авторы. Аяжан Сағиқызының белсенді ғылыми жұмысын республиканың жетекші жоғары оқу орындарында сабақ берумен ұштастырады.