«Әлемдік өркениеттегі Әбу Насыр әл-Фараби мұрасының рөлі» атты халықаралық ғылыми конференциясы Алматы, 26.03.2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ұлы ойшылдың 1150-жылдық мерейтойын мерекелеуге арналған «Әлемдік өркениеттегі Әбу Насыр әл-Фараби мұрасының рөлі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми конференциясы  өтетіндігін хабарлайды.

Конференцияның мақсаты – Әлемдік өркениет контекстіндегі әл-Фараби ілімінің рухани-адамгершілік әлеуеті мен жаңа дәуірдегі адамның рухани-адамгершілік қалыптасуындағы әл-Фараби мұрасының өзектілігін анықтау.

Міндеттері: әл-Фарабидің адамгершілік тұрғыдан жетілген тұлғаның қалыптасуы туралы, мейірімді қала туралы, әділдік, теңдік, қоғам, әлем, бақыт туралы ілімін талқылау.

Конференция 2020 жылдың 26 наурызында Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтеді.

Конференция бағдарламасы пленарлық отырысты және секциялар жұмысын қарастырады.

Конференцияның Ұйымдастыру комитеті: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050040, әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент. Тел. + 7 (727) 377-33-30; ішкі.16-62, моб. 87471698469. Слямова Эльмира Серікқызы E-mail: Elmyra.Sliyamova@kaznu.kz