Нысанбаев Ә. Н.

Нысанбаев Әбдімәлік Нысанбайұлы
        Ғалым. Философия ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері (1994). Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының (1984), ҚР тұңығыш президентінің мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының (1998) иегері. Нысанбаевтың негізгі зерттеу еңбектері диалектика және таным теориясы, ғылым философиясы мен методологиясы, қазақ және түркі философиясы, әлеум. және саяси философия, саясаттану және мәдениеттану мәселелеріне арналды. Ол ғылыми мектеп қалыптастырып, көптеген ғылым докторлары мен кандидаттарын дайындады. Нысанбаев 570-тен астам ғылыми, ғылыми-сараптамалық, ғылыми-әдістемелік еңбектер, соның ішінде 30 монография, жеке кітаптар мен оқу құралдарын жазған. Бірқатар еңбектері 25 шет тілдерінде жарық көрген.

1960 – 1961 жылдары КСРО ғылым академиясының Химия ғылымдары институтында аға лаборант.

1961 – 1976 жылдары Қазақстан ғылым академиясының Философия және құқық институтында кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, ғылым философиясы және методологиясы бөлімінің меңгерушісі.

1990 жылдан Философия және құқық институтының (қазіргі Философия және саясаттану институты) директоры.

1997 – 2003 жылдары “Қазақ энциклопедиясы” баспасының Бас редакторы қызметін қоса атқарды.

2011 жалдан ҚР Білім және ғылым министрлігінің философия иниститутының “дінтану және саясаттану” камитеті директорының кеңесшісі қызыметінде.