Online conference “The contribution of Abu Nasr al-Farabi to Islamic civilization”

2020 жылғы 18 қарашада Алматы уақыты бойынша 16:00-де (Дамаск уақыты бойынша 12.00-де) “Әбу Насыр әл-Фарабидің ислам өркениетіне қосқан үлесі”тақырыбында онлайн конференция өтті.

Аталған ғылыми іс-шараға Дамаск университеті (Сирия Араб Республикасы) мен Қазақстанның ислам философиясы және ғылымы, араб тілі және фарабитану саласындағы жетекші ғалымдары қатысты. Конференция ұлы ойшыл, энциклопедист, музыка теоретигі және Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған мәдени және ғылыми іс-шаралар аясында ұйымдастырылды.

Бағдарлама