Сейтахметова Н.Л.

Сейтахметова Наталья Львовна
 

Философия докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, ортағасырлық мұсылман философиясы саласындағы маман. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтының дінтану бөлімінің бас ғылыми қызметкері. «Адам әлемі» философиялық, әлеуметтік-гуманитарлық журналының бас редакторы.

«Ортағасырлық мұсылман философиясы», «әл-Фараби және Шығыс философиясының дамуы», «әл-Фараби және ислам руханияты», «Әл-Фараби мұрасы және жаңа интегралды дүниетанымның қалыптасуы», «Евроислам біздің заманымыздың диалогтік стратегиясы ретінде (мәдениеттер диалогы туралы философиялық мәселе бойынша)» және т.б. жеке және ұжымдық монографияларының 150-ден астам ғылыми еңбектерінің авторы.