Даукеева С.Д.

Даукеева Саида Диасқызы
Өнертану ғылымдарының докторы (PhD), этно-музыкатанушы, араб музыкасы теориясының маманы. Мәскеу консерваториясын және Лондон университетін бітірген.

Даукеева Саида Диасқызы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми-зерттеу фольклорлық зертханасының меңгерушісі қызметін атқарды. «Әбу Наср Мұхаммед әл-Фарабидің «Музыканың үлкен кітабы» трактатындағы музыка ғылымының тұжырымдамасы» (2000) тақырыбында диссертация қорғады. «Әбу Наср Мұхаммед әл-Фарабидің музыка философиясы» монографиясының авторы (2002).