Сандыбаев Ж.С.

Сандыбаев Жалғас Сәдуахасұлы
Философия ғылымдарының докторы, ислам діні мен мәдениеті саласындағы маман. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры.

2001 жылы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық академиясын араб тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша үздік бітірді. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының (2010 ж.) және «Болашақ» халықаралық бағдарламасының (2013 ж.) түлегі.

Әл-Фараби шығармаларының көптеген араб тілінен қазақ тіліне аудармаларының авторы.