Питер Адамсон

Питер Скотт Адамсон
Американдық ғалым, Мюнхеннің Людвиг Максимилиан университетінің (Германия) ислам әлемі және көне антика философиясы профессоры.

40-тан астам мақаланың авторы және ежелгі және ислам философиясына арналған 9 кітаптың редакторы. Бүкіл әлем оқырмандары арасында үлкен танымалдылыққа ие болған «Бос орындарсыз философия тарихы» подкаст сериясының авторы.

Питер Адамсон ұлы ойшылдың 1150 жылдығына, оның шығармашылық мұрасын түсінуге, сондай-ақ ғылымды дамытудың заманауи мәселелеріне арналған Science Talks форматындағы онлайн-іс-шараға қатысты. Жобаны Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен және бастамасымен әл-Фараби орталығы ұйымдастырды.