«ФИЛОСОФИЯ: ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ӨМІРЛІК МИССИЯ» халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2022 жылдың 14 қазан күні Алматы қаласында Әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану
факультетінің философия кафедрасы, дінтану және мәдениеттану кафедрасы
және әл-Фараби орталығы, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану
институты, Қазақстандық философиялық конгресстің бірлесіп
ұйымдастыруымен, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері,
философия ғылымының докторы, профессор Телебаев Ғазиз
Тұрысбекұлының 65 жылдығына арналған «Философия: Ғылым және
өмірлік миссия» атты халықаралық ғылыми-практикалық
конференция өтеді.
Конференцияның мақсаты, түркі және қазақ философиясының
дәстүрлерін саралауға, әлемдік философия тарихы мен заманауи
философиялық зерттеулердегі жаңаша көзқарастарды анықтауға, Қазақстан
Республикасындағы этно-діни идентификация мәселелерін зерделеуге
бағытталған.
Офлайн және онлайн форматта өтетін алқалы жиынға алыс-жақын
шетел және түркі елдері ғалымдары, еліміздің гуманитарлық сала
ғалымдары, сарапшылары қатысады.

Бағдарлама

Жинақ