Түлеубаева С.А.

Түлеубаева Самал Абайқызы
Филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің шығыстану кафедрасының профессоры.

1998 жылы Сиди Мухаммад бин Абдиллах атындағы Саис-Фес университетінің Әдебиет-гуманитарлық факультетінің араб тілі мен әдебиеті бөлімін үздік бітірді (Фес қ., Марокко Корольдігі). 2004 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистратурасын «шығыстану» (араб бөлімі) мамандығы бойынша үздік бітірді. 2010 жылы «Әл-Фарабидің тілдік тұлғасын салыстырмалы тарихи парадигмада стратификациялау» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Екінші жоғары білімі бойынша – тарихшы.

Қазақ, орыс, араб, ағылшын және түрік тілдерінде жарық көрген көптеген мақалалардың, аудармалардың, оқулықтардың авторы. Түлеубаева Самал Абайқызының ғылыми қызығушылық саласы шығыстану, арабтану, фарабитану, исламтану, жалпы лингвистика, тіл теориясы, Шығыс елдерінің тарихы мен мәдениеті мәселелерін қамтиды.