«ӘЛ-ФАРАБИ» ОЛИМПИАДАСЫ

Дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, оқушылардың біліміге құштарлығын және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесе отырып жыл сайын 11-12- сынып оқушылары арасында «Әл-Фараби» республикалық олимпиадасын өткізеді.

Жеңімпаздар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталады, бұл жоғары оқу орнына түсуге деген басымдық береді, сонымен қатар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне ішкі грант береді.

Олимпиада келесі пәндер бойынша өткізіледі: математика, физика, химия, биология, география, информатика, Қазақстан тарихы, әлем тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі.