ФАРАБИТАНУШЫЛАР
Қазақстандық фарабитанушы ғалымдар | |||
Машанов А.Ж. | Қасымжанов А.Х. | Көбесов А. | Әлімжанов Ә.Т. |
Геология-минералогия ғылымдарының докторы, ҚазССР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер. Қазақстандық Фарабитану мектебінің пионері. | Философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі. 1993 -2000 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Әл-Фараби Орталығының директоры болды. | Педагогика ғылымдарының докторы. «Әл-Фарабидің педагогикалық мұрасы» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. | Белгілі жазушы, публицист, қоғам қайраткері. «Ұстаздың оралуы» атты романның авторы. |
Жарықбаев Қ.Б. | Дербісәлі Ә.Б. | Алтаев Ж.А. | Нысанбайұлы Ә.Н. |
Педагогика, психология ғылымдарының докторы. ҚР еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері. ҚР ҰҒА құрметті мүшесі. | Филология ғылымдарының докторы. Шығыстанушы, дінтанушы, жазушы. ҚР БҒМ Шығыстану институтының директоры. | Философия ғылымдарының докторы, профессор. «Әл-Фараби Шығыстың ұлы ойшылы» (2018), «Al-Farabi philosophy of the Second Master» (2019) монографияларының, көптеген оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. | Философия ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым Aкадемиясының академигі. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1994). ҚР Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты (1998). |
Тәжікова К.Х. | Құрманғалиева Ғ.Қ. | Сапашев О.С. | Бурабаев М.С. |
Философия ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті арабтану және ирантану кафедрасының доценті. Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерін аударған танымал аудармашы. | Философия ғылымдарының докторы. «Әл-Фараби» философиялық-саяси және рухани-танымдық журналының бас редакторы.. | Түркітану және үндітану кафедрасының меңгерушісі. 1997-1999 жж. – ҚазҰУ-дың көне түркі жазба ескерткіштерін зерттеу орталығының зерттеушісі; 2012 ж. – Әл -Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-зерттеу орталығының директоры. | Философия ғылымдарының докторы, профессор. |
Шетелдік фарабитанушы ғалымдар | |||
Сагадеев А.В. | Ғафуров Б. Г. | Хайруллаев М. М. | Айдынлы Я. |
Философия ғылымдарының докторы, Араб философиясы тарихының маманы. “Шығыс перипатетизм. Ортағасырлық материализм тарихынан” атты жинақтың авторы (1987). | Шығыстанушы және мемлекет қайраткері, Тәжік КСР Ғылым академиясының академигі (1950), КСРО Ғылым академиясының академигі (1968). КСРО Ғылым академиясының шығыстану институтының директоры. | Философия ғылымдарының докторы (1966). (1959ж) – КОКП мүшесі. Ташкентте Орта Азия мемлекеттік университетін (1951) және аспирантураны (1954) бітірген. 1954 жылдан бастап ғылыми-оқытушылық қызметте болған. 1961 жылы Узб ҒА ССР Философия және құқық Институтының директоры болды. | Түркияның беделді фарабитанушысы. Улудаг университетінің теология факультетінің деканы, профессор. Фараби форумның пленарлық отырысына қатысты. |
Ризо Д. А. | Кирабаев Н.С. | Фишлер А. | Петрик Д. |
Иран философы, Иран ғылым академиясының президенті және мәдениет пен философиялық ой саласындағы жетекші қайраткер. Ислам философиясы, мәдениет, өнер және гуманитарлық ғылымдар бойынша отыздан астам жұмыстың авторы болып табылады. | РУДН университетінің бірінші проректоры. «Мұсылмандық Шығыстың әлеуметтік философиясы» (1987), «Классикалық араб-мұсылман философиясы: әлеуметтік философиядан философия мен тарихқа» (1990), 2 томдық «Араб-мұсылман философиясының классиктері» (1999) және т.б. еңбектерінің авторы. | Францияның еңбек сіңірген профессоры, Академиялық Пальм орденінің кавалері. Қазақстан Республикасының бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты, Әл -Фараби атындағы ҚазҰУ алтын медалінің иегері. | Огайо университетінің философия факультетінің профессоры. |
Бекир Карлыга | Дебора Луиза Блэк | Тереза – Анна Дрюар | Луис Хавьер Лопес – Фержат |
Түркия премьер министрінің кеңесшісі, философия докторы. «Әл-Фараби – өркениет философы» атты монографияның авторы. | Канадалық философ. Классикалық араб ислам және ортағасырлық еуропалық философия бойынша ғылыми еңбектердің авторы. | Ортағасырлық араб және ежелгі философияның американдық зерттеушісі. | Мексика ғылымдарының кандидаты, ислам философиясы мен ежелгі философиялық ойды зерттеуші. |